СҚО-да әкесіне қол көтеріп, оны видеоға түсірген жігіт бес тәулікке қамалды
873
Солтүстік Қазақстан облысында 67 жастағы әкесіне күш қолданып, оны видеоға түсірген 22 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жігіттің әкесін балағаттап, оған қол көтергені көрінеді. Видеодан кейін полиция тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар азаматты анықтаған.
Тергеу барысында оның мас күйде болғаны белгілі болды. Сот шешімімен жігіт тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Белгілі болғандай, зейнеткер әке ұлына қатысты арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, полиция қолданыстағы заңнама аясында әкімшілік іс қозғаған.
Полицияның мәліметінше, 22 жастағы азамат бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жиналған материалдар сотқа жолданып, нәтижесінде оған бес тәулікке қамау жазасы тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
18:13
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс минис...
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...