Сұлтан Сәрсемәлиев әйеліне қалай опасыздық жасады?
Атыраудағы атышулы іс бойынша өткен сот отырысында прокурор Майра Ержанова айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты жаңартылған айыптау актісін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Сәрсемалиевтің әйеліне опасыздық жасауы ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болып, арты үлкен өшпенділікке ұласқан.
«2022 жылдың жазында күйеуінің көзіне шөп салғанын білген Ақбаян Мұқанғалиева бұл туралы ата-анасы мен туыстарына айтып, ажырасуға арыз берген. Әкесі Мақсот Қарабалин қызын балаларымен бірге алып кеткен. Кейін Махамбет аудандық сотының шешімімен неке бұзылған. Осы жағдайдан кейін Сәрсемалиевтің қайын жұртына деген өшпенділігі күшейген», – деді прокурор.
Бұған дейінгі отырысқа қашықтан қатысқан Сұлтан Сәрсемалиев әйелінің көзіне шөп салғанын мойындағанымен, бұл құпияның туыстарына жеткізілгеніне реніш білдірген еді.
Өз кезегінде жәбірленуші тараптың адвокаты Шынар Нұрмұратқызы Ақбаян Мұқанғалиеваның некені бұзу туралы арызды өз еркімен, есі дұрыс күйде жазғанын алға тартып, бұл құжатты қылмыстық іс материалдарына қосуды сұрады.
Соңғы жаңалықтар