Сүйінші! Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
1454
Қазақстандағы мектеп бағдарламасына қатысты соңғы күндері туындаған даулы мәселеге айналған физика, химия және биологияны бір пәнге топтастыру бастамасына Оқу-ағарту министрлігі ресми жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алматыда өткен II халықаралық жас ғалымдар конгресінде сөйлеген сөзінде министр Жұлдыз Сүлейменова қоғамда тараған ақпаратқа түсінік берді. Ол жаратылыстану бағытының негізгі пәндері жеке оқытылатынын, оларды біріктіру жоспарда жоқ екенін қадап айтты.
«Бір нақты мәселенің басын ашып айтқым келеді. Қазір жаратылыстану пәндерін, оның ішінде физика, химия және биологияны біріктіру жөніндегі ұсыныс қызу талқыланып жүр. Алайда, Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын анық білдіреді. Бұл пәндер біріктірілмейді» - деді министр.
Сүлейменованың айтуынша, әр пәннің мазмұны мен ғылыми негізін сақтау — мектеп бағдарламасының басты талабы. Сондықтан олардың бір пәнге біріктірілуіне негіз жоқ.
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
08:16
Біріккен Араб Әмірліктерінде апалы-сіңлілі екі...
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...