Таиландтағы сұмдық: 17 жастағы Роман мен әпкесінің ісінен кейін тағы үш мәйіт табылды

01.08.2026 13:00 Қарақат АСЫЛОВА
Таиландтағы сұмдық: 17 жастағы Роман мен әпкесінің ісінен кейін тағы үш мәйіт табылды
341

Таиландта жоғалып кеткен Ресей азаматтары – 17 жастағы Роман мен оның 22 жастағы әпкесі Диананың өліміне қатысты тергеуде жаңа жайттар белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz

Жергілікті полицияның мәліметінше, қылмысқа күдікті ретінде ұсталған азаматтар өз кінәсін мойындап, мәйіттер жасырылған орынды көрсеткен.

Тергеу барысында аталған жерден барлығы бес адамның денесі табылған. Олардың екеуі – Роман мен Диана екені анықталса, қалған үш адамның сүйегіне сараптама жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, олар қылмыстың куәгері болған бір отбасының мүшелері болуы мүмкін.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қанды оқиғаға марқұмдардың мотоциклі себеп болған. Бұрын сотталған жергілікті тұрғындар көлікті иемдену мақсатында Ресей азаматтарына шабуыл жасаған деген күдікке ілінді. Кейін полицейлер күдіктілердің бірінің үйінің маңынан бөлшектеліп көмілген мотоциклді тапқан.

Қылмыстан кейін күдіктілер полиция қызметкерлерінің формасын киіп, құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалуға әрекеттенген. Алайда жедел іздестіру шараларының нәтижесінде олар ұсталып, тергеуге алынды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап, қылмыстың өзге де ықтимал қатысушылары мен бес адамның өлімі арасындағы байланысты тексеріп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий