Талдықорғанда балабақшада балаларға құрттаған тамақ берілген
1013
Талдықорғандағы «Happy Land» жекеменшік балабақшасында балаларға сапасыз, құрттаған тамақ берілген. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова ата-аналар жіберген видео мен суреттерге сүйеніп жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ата-аналар жолдаған кадрлардан ботқадағы құрттар мен тарақандарды, сүйегі ғана қалған етті және күйіп кеткен тоқаштарды көруге болады. Журналистің жазуынша, ас үйдегі ұнның ішінде жәндіктер өріп жүрсе, балаларға берілетін манный ботқасынан құрттар табылған.
Сонымен қатар, балабақшадағы жағдайдың өте нашар екені айтылады: қабырғалар лас, зең басқан, ал ас үйдегі антисанитария балалардың денсаулығы мен өміріне қауіp төндіреді. Тіпті, барлық балаға компот бір ғана қасықпен құйып берілетіні де айтылған.
Бұл жағдай ата-аналардың ашу-ызасын тудырған. Журналист Дүйсенова балаларға берілетін тамақ мөлшерінің аздығын сынап, мұны «заманауи Қазақстанда емес, концлагерьде ұстап отырғандай» деп сипаттады.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
11:35
«Судан қорқатыныңды біле тұра, неге секірдің?»:...
29.09.2026
11:25
Үндістанда іздеудегі қазақстандық бапкерге көме...
29.09.2026
10:58
Астанада автотұрақтағы әйелдің өлімі: төрт экс-...
29.09.2026
10:51
Пиротехника зауытында жарылыс болып, 14 адам қа...
29.09.2026
10:46
Семейде 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованы өлтіру ...
29.09.2026
10:29
Күдікті ұсталды: Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зай...