Талғар изоляторынан қашқан күдіктіге қатысты тың дерек айтылды
1018
Талғардағы уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаев қосымша үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
КТК ақпаратынша, қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, қашқын араға төрт күн салып, бейсенбіден жұмаға қараған түні ұсталған болатын. Ол өзі тұратын Тереңқара ауылының маңынан табылды. Бекарыс Қалмырзаев бұның алдында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.
Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіреді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
14:07
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті аурух...
08.10.2026
13:06
Ресейде қалған 14 жігіт Қазақстан елшілігіне же...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...
08.10.2026
12:24
Қазақстанда бір қорап дәрі 463 мың теңге: Аймағ...
08.10.2026
12:23
«Үш күн күткен»: Дәрігерлер Маңғыстауда балықта...