"Таңдауды өзі жасайды": Баян Алагөзова бұрынғы күйеуіне қатысты қауесетке пікір білдірді

31.03.2026 15:28 Мөлдір Талғат
1302
Фото: ашық дереккөз

Желіде кәсіпкер Бақытбек Есентаевтың өзінен әлдеқайда жас әйелге үйленгені туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy YouTube арнасына берген сұхбатында өз ойын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі қыздарының әкесімен қарым-қатынасына ешқашан кедергі келтірмегенін атап өтті. Оның пікірінше, баланы әкесінен алыстату – дұрыс емес шешім.

Продюсер желіде тараған ақпаратты көргенін жасырмай, бұл жағдайға сабырмен қарағанын айтты.

“Қызым бұл ақпаратты көрген соң маған хабарласып “Мама, көрдің бе?” деп сұрады. Мен “Иә, көрдім, қазір біреуден біреуге тарайтын дүниелер көп қой” деп жауап бердім”, – деді ол.

Кейін қызы әкесіне хабарласып, мән-жайды анықтаған. Бақытбек Есентаев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, желіде тараған сурет бұрынғы бір тойда кездейсоқ түсірілгенін түсіндірген.

Баян Алагөзова бұрынғы жұбайының жеке өміріне араласпайтынын, егер ол бақытты болса, тек қуанышты болатынын жеткізді.

“Мен ешкімге ақыл айтқым келмейді. Себебі біреуге ол дұрыс көрінсе, енді біреуге “Өзіңе қара” дегендей әсер қалдыруы мүмкін. Сондықтан әр адам өз өмірінде таңдауын өзі жасайды. Бірақ сол таңдауды жасамас бұрын, оның болашаққа қалай әсер ететінін ойлаған жөн. Өйткені бәріміздің тілегіміз бір – сүйікті болып, бақытты өмір сүру”, – деді продюсер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий