Танымал спортшы отбасымен бірге қаза тапты

Танымал спортшы отбасымен бірге қаза тапты
Фото: Global Look Press

Венесуэла ұлттық волейбол құрамасының капитаны Вильнер Ривас жер сілкінісі салдарынан жұбайы мен ұлымен бірге қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Венесуэла Волейбол федерациясы хабарлады.

27 маусым күні спортшының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді. Кейін оның отбасы мүшелерімен бірге жер сілкінісінің құрбаны болғаны расталды.

Вильнер Ривас 31 жаста еді. Ол алдағы маусымда Испанияның «Гуагуас» клубының сапында өнер көрсетуі тиіс болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу