Таразда сыныптасын өлтіріп алған оқушы сотталды

13.01.2026 15:31 Арман Ермеков Арман Ермеков
Таразда сыныптасын өлтіріп алған оқушы сотталды
0
294

Таразда мектеп қабырғасында сыныптасын өлтіріп алған оқушыға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Politico.kz

Жамбыл облыстық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен құрдасының өліміне себепкер болған 9-сынып оқушысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға Тараз қаласындағы мектеп ғимаратында болған. Кәмелетке толмаған Р. өзінің құрдасы А.-мен жанжалдасып, қақтығыс барысында оған физикалық күш қолданған. Салдарынан жәбірленуші мойын тұсынан алған ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.

Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптары, сараптама қорытындылары және заттай дәлелдемелер арқылы толық дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін ішінара ғана мойындады.

Сот жаза тағайындау барысында сотталушының кәмелетке толмаған жасын және оның оң мінездемесін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бағалады. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан аспауы тиіс. Жеңілдететін мән-жайлар болғандықтан, жаза мерзімі ең жоғары шектің үштен екісінен, яғни 6 жыл 8 айдан аспауы керек.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған Р. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот шешімімен сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий