Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік үш қақпашының қатарына енді
Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков халықаралық статистикалық портал Sofascore бағалауы бойынша 10 баллдық ең жоғары баға алған Чемпиондар лигасы тарихындағы үшінші қақпашы атанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Платформаның ресми Instagram парақшасында 22 жастағы қазақстандық ойыншының Кипрдің «Пафос» командасына қарсы ойынын «тарихи сәт» деп атап өтті:
«Бүгін Темірлан Анарбеков үшін ерекше кеш болды! Ол жарақатынан кейін Чемпиондар лигасында алғаш рет алаңға шығып, біздің деректер базамызда мінсіз баға – 10 ұпай алған үшінші қақпашы атанды!» – деп жазды Sofascore.
Бұл көрсеткіш — жас қазақстандық спортшының кәсіби шеберлігін дәлелдеп, оның еуропалық деңгейдегі беделін арттырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...
21.10.2026
17:57
Жезқазғанда «Қазақмыс» өндірісті бір жерден бақ...