Тікұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың бәрі қаза тапты

Тікұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың бәрі қаза тапты
ашық дереккөз

Үндістанның Гуджарат штатында оқу ұшуы кезінде Dhruv жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға Порбандардағы жағалау күзеті аймағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.

БАҚ-та таратылған мәлімет бойынша бортта екі ұшқышты қоса алғанда үш адам болған. Олардың барлығы мерт болды.

Үндістанның жағалау күзеті оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу