"Топырағы торқа болсын...": Мақпал Жүнісова әншіні еске алды
1677
Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентер жазбасын бөлісті. Өнер иесі 1991 жылы өткен жеке концерті кезінде өзіне ақ батасын берген Роза Бағланованы ерекше ілтипатпен еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Әнші сол жылдардағы бейнежазбаны жариялап, ұлы өнер иесіне деген ризашылығы мен сағынышын білдірді:
"Жан апамның 1991 жылы менің жеке концертімде жанды дауыспен ән айтып, маған берген ақ батасы еді. Топырағыңыз торқа болсын, ұрпағыңыз мың жасасын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары халықтың сүйікті әншісінің бұл жазбасына жылы пікір қалдырып, оның аға буынға деген құрметіне тәнті болғандарын білдірді. Көпшілігі Мақпал Жүнісованың «өткенге тағзым ете білетін өнер иесі» екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
11:22
"Төсектің басынан тұз шықты": Жігер Ауыпбаев ал...
22.07.2026
10:42
«Украина емес»: Елші қазақ мұнайы тиелген танке...
22.07.2026
09:47
«Жауапты біреу айтып тұрды». Аша Матайға қатыст...
22.07.2026
09:31
Тоқаев бірқатар елшіні ауыстырды
22.07.2026
09:30
Сүт фермасындағы трагедия: әкесі екі баласымен ...
22.07.2026
00:32
Әнші Анатолий Цой шаңырақ көтерді