Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовті лауазымынан босатты

31.08.2026 14:36 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовті лауазымынан босатты
143
Фото: Ақорда

Президент жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Ғизат Нұрдәулетов кім?

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы дүниеге келген. Ол 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Оның еңбек жолы негізінен құқық қорғау саласымен байланысты.

Ол 1990-2017 жылдары прокуратура, мемлекеттік тергеу комитеті және ұлттық қауіпсіздік сияқты арнаулы органдарда қызмет еткен. Кейін 2017-2019 жылдары Қазақстанның Бас прокурорының бірінші орынбасары болды. Ал 2019 жылдан 2022 жылға дейін еліміздің Бас прокуроры лауазымын атқарды.

2022 жылы Ғизат Нұрдәулетовке 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені берілді. Осы жылы ол Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалып, бұл орында 2023 жылға дейін жұмыс істеді.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жарлығымен ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына қайта бекітілген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий