Тоқаев: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Президенттің айтуынша, алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады.
Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады.
«Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады»,- деп атп өтті Тоқаев.
Президенттің айтуынша, алдағы уақытта e-Parlament сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін.
«Бір палаталы Парламентке өту бір есептен жұмыстың жаңа қалыбы мен қарқынына, тез шешім қабылдауға бейімделуді көздейді. Яғни заман өзгеріп жатыр, ол өз талабын орындатады, e-Parlament жүйесі қыр астында тұр. Жақында өмірімізге дендеп енуі мүмкін. Сондықтан заң қабылдауда мүлде қате жіберуге болмайды», - деді мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар





