Тоқаев Си Цзиньпинді Қытайдың 77 жылдығымен құттықтады

01.10.2026 • 15:56 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев Си Цзиньпинді Қытайдың 77 жылдығымен құттықтады
205
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент Қытайдың экономикалық дамуына, әсіресе ғылым, технология және цифрлық экономикадағы жетістіктеріне тоқталды.

«Ұлы Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше. Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды», деп жазылған жеделхатта.

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың достық пен тату көршілікке негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл Шанхайда өткен жүздесу екі елдің алдағы ынтымақтастыққа қатысты ортақ көзқарасын нығайтып, түрлі саладағы байланысты кеңейтуге мүмкіндік берген.

Президент Си Цзиньпинге мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қытай халқына құт-береке тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий