Тоқаев жаңа орынбасары Аида Балаеваны қабылдады

31.08.2026 15:03 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев жаңа орынбасары Аида Балаеваны қабылдады
177
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасары Аида Балаевамен кездесті. Ақорданың мәліметінше, жиында жаңадан құрылған аппараттың негізгі міндеттері талқыланған.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жұмысына қатысты бірқатар басым бағытты айқындап берді. Тікелей президентке бағынатын бұл жаңа мемлекеттік орган елдегі заң мен тәртіпті, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

29 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы арнайы жарлыққа қол қойған еді. Дәл осы құжат негізінде Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылып, ол тек президентке есеп беретін болды.

Аида Балаева бұл қызметке бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалды. Оған дейін ол 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бері премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарып келген.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі – елдің қорғаныс қабілеті мен егемендігін қорғауды үйлестіретін конституциялық алқалы орган. Оның төрағасы қызметін президенттің өзі атқарады. Бұл тағайындау туралы Мемлекет басшысы Құрылтайдың алғашқы сессиясында айтқан болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий