Тоқаевтың жаңа Конституциясын толығымен қолдаймын – Шаханов (ВИДЕО)
1203
ЖАЛҒАСЫ
Әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шаханов «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген пікірді айтты деген ақпарат кеңінен тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мұхтар Шахановтың жалған парақшасындағы «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген жазбаға 4 мыңнан астам лайк басылып, 700-ге жуық пікір жазылған.
Журналист Арман Әубәкір Facebook парақшасына ақын Мұхтар Шахановтың видеосын жариялады.
Шаханов видеода өз атынан жалған ақпарат тарап жатқанын, Facebook арқылы тілге қатысты жазбалардың авторы өзі емес екенін, жазбаларды белгісіз адамдар жариялап отырғанын айтты.
Айтуынша, ол Тоқаевтың ұстанған саясаты мен жаңа Конституцияны толығымен қолдайды екен.
«Қазіргі таңда менің атымнан жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеңіздер. Мен қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын, оның саясатын толығымен қолдаймын», — деген ақын видеода.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
12:48
Бұрынғы сенатор Амангелді Нұғманов Көлік минист...
05.10.2026
12:23
Елге танымал спортшы қайтыс болған соң ағзалары...
05.10.2026
12:18
Ресейдегі оба дерті Қазақстанға қаншалықты қауі...
05.10.2026
12:01
«Қазақмыс» Жезқазғандағы фабриканың тұрмыстық ғ...
05.10.2026
11:45
Мырзахметовтің бірінші орынбасары: Айтқұрман Ом...
05.10.2026
11:17
Қазалыда парамен ұсталған экс-судья мен сот төр...