Төреғали Төреәлінің жары сүйінші сұрады
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрап, отбасындағы үлкен қуанышты жаңалықты жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Толқынның айтуынша, тұңғыш қызы Кәусар бес жасына дейін Қытайда емделіп, бірнеше күрделі отаны бастан өткерген әрі содан бері түрлі оңалту шараларынан үздіксіз өтіп келеді.
Анасы соңғы екі ай бойы қызымен тынымсыз жаттығулар жасап, нәтижеге қол жеткізгенін тебірене жазды:
«Көп тілеуі көп болады демекші, сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!» – деп бөлісті өнер иесінің жары.
Сондай-ақ Толқын қызының жаттығу кезінде қатты қиналғанына қарамастан, мойымай алға қадам басқанын айтып, оқырмандарына ақ тілегі үшін алғыс білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...