Төрт жасар бала көліктегі ата-анасының мәйітінің жанында екі күн көмек күткен
2815
Бразилияда төрт жасар бала жол апатынан қаза тапқан ата-анасының жанында көлікте екі күн бойы көмек күтті, деп хабарлайды Portal iG.
Оқиға Пернамбуку штатының Гараньюнс аймағындағы BR-424 тас жолында болған. Полиция мәліметінше, көлік апаты 27 қыркүйекте орын алып, тек 29 қыркүйекте табылған.
Бала автокреслода белбеумен бекітілген күйде болғандықтан аман қалған. Ол көлікте шамамен 48 сағат отырған. Жергілікті тұрғын апат болған көлікті байқап, дереу көмек шақырған.
Бала есін білетін жағдайда табылып, көзге көрінер жарақат алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жолға шыққан жылқымен соқтығысып, жүргізуші басқаруды жоғалтқан. Соның салдарынан көлік жолдан шығып, аударылып кеткен. Ата-анасы оқиға орнында қаза тапқан.
Соңғы жаңалықтар
26.07.2026
17:28
Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды
26.07.2026
16:29
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қатыст...
26.07.2026
15:31
«Экрандағы мен – шынайы мен емес»: Дариға Бадық...
26.07.2026
14:29
Тоқаевтың бейбітшілік туралы үндеуіне Украина қ...
26.07.2026
13:21
Алматыда иесіз ғимарат жанынан қару-жарақ салын...
26.07.2026
12:31
Ұлытау облысының жаңа әкімі «Қазақмыс» нысандар...