Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери әрекеттер басталғанын мәлімдеді

28.02.2026 14:01 Қарақат АСЫЛОВА
Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери әрекеттер басталғанын мәлімдеді
257

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағында ауқымды әскери іс-қимылдардың басталғанын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы сенбі күні жасаған видеоүндеуінде америкалық әскерилердің операциясы басталғанын айтып, оның басты мақсаты – АҚШ азаматтарын қорғау және Иран тарапынан төнетін тікелей қауіптердің алдын алу екенін жеткізді.

«Жақында америкалық әскери күштер Иранда ауқымды әскери әрекеттерді бастады. Біздің мақсатымыз – иран режимі тарапынан төнетін тікелей қауіптерді жою арқылы америкалық халықты қорғау. Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауы тиіс. Олар ядролық бағдарламасын қалпына келтіруге тырысты. Ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар жасап жатыр, бұл АҚШ пен өзге елдерге қауіп төндіреді. Біз олардың зымырандарын жоямыз және зымыран өндірісін тоқтатамыз. Иранның ядролық қару алуына жол бермейміз», – деді Дональд Трамп.

АҚШ басшысы Иранның әскери әлеуетіне соққы берілетінін де атап өтті. Оның сөзінше, операция Иранның зымыран бағдарламасы мен теңіз флотына бағытталған.

Қазіргі уақытта ресми Тегеран тарапы бұл мәлімдемеге қатысты жауап жариялаған жоқ. Халықаралық қауымдастық жағдайдың қалай өрбитінін жіті бақылауда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий