Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алды (ВИДЕО)
2026 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров туған қаласы Алматыға оралды. Спортшы мінген ұшақ 27 ақпан күні кешкі уақытта қонды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әуежайда Олимпиада чемпионын жүздеген жанкүйер, достары, әріптестері, студент-спортшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қарсы алды. Ұшақ бір сағаттан астам уақытқа кешіккеніне қарамастан, халықаралық рейстер күту залында мерекелік көңіл-күй орнады. Жиналғандар қолдарына ту, плакат, шарлар мен ойыншық пандалар ұстап, чемпионды тағатсыздана күтті.
Көпшіліктің қошеметімен күту залына шыққан Михаил Шайдоровты жиналғандар ду қол шапалақпен қарсы алып, есімін ұрандатты. Спортшы ең алдымен:
«Ақыры үйдемін», – деп қуанышымен бөлісті.
Олимпиада чемпионы туған жеріне оралғанына ерекше толқып тұрғанын айтты.
«Бұл – ұзақ кезең болды. Мен кетіп, қайтадан өзім туып-өскен, өмір сүріп жатқан әрі алдағы уақытта да өмір сүретін сүйікті қалам – Алматыға оралдым. Қуанышымда шек жоқ. Бүгін мені күткен барша жанға алғыс айтамын», – деді ол.
Михаил Шайдоров алдағы уақытта үлкен жоспарлары бар екенін, жаңа жеңістерге ұмтылатынын жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға және жастар арасында осы спорт түрін кеңінен насихаттауға ниетті екенін атап өтті.
@qazaqstan.tv_ 😍Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды Алматы әуежайында жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты ерекше ықыласпен қарсы алды.
♬ оригинальный звук - «Qazaqstan» телеарнасы
Соңғы жаңалықтар