Түркістан облысында бес немересі бар әже үшемді дүниеге әкелді
Түркістан облысының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева жоспарлы кесарь тілігі арқылы үш ұлды дүниеге әкелді. Босану жүктіліктің 35-аптасында өтті.
Otyrar.kz мәліметінше, жаңа туған сәбилердің салмағы – 2265, 2435 және 2450 грамм. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы тұрақты, бүгінде олар дәрігерлердің бақылауында үйде.
«Әрине, менің жасымда оңай болған жоқ. Бірақ сәбилерімді алғаш көрген сәтте барлық қорқынышым сейілді. Бұл – шексіз бақыт. Босану жоспарға сай өтті», – дейді көпбалалы ана.
Бұл – Орынкүлдің он бірінші босануы. Оның тұңғыш қызы – 26 жаста, ал ең кенже баласы 4 жаста. Сондай-ақ ол – бес немеренің әжесі. Тамыз айында дүниеге келген үш ұлға Аслан, Әлихан және Әлинұр есімдері берілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды
23.10.2026
20:03
Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік кон...
23.10.2026
19:10
Мамырдан бері жалақы алмаған: Маңғыстауда мұғал...
23.10.2026
18:09
“Түнде кездесуге шақырды”: Атыраудағы НИШ мұғал...
23.10.2026
17:50
Болат Назарбаевтың суреті бар қымбат сағат OLX-...
23.10.2026
17:11
"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла": Сәкен М...