Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды

Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды
Фото: instagram.com/sadenov_online

Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Ержан Сәденов.

Сәденов ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау толықтай көрсетілетінін жеткізді. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу