Түркістанда 12 адамның өмірін қиған өрттің негізгі себебі электр ұзартқыш болуы мүмкін

20.11.2025 09:24 Арман Ермеков
Түркістанда 12 адамның өмірін қиған өрттің негізгі себебі электр ұзартқыш болуы мүмкін
0
743
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында тұтас бір әулеттің өмірін қиған қайғылы оқиғаға ақауы бар электр ұзартқыш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Құзырлы органның хабарлауынша, қазіргі таңда аймақта тергеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мамандар өрттің шығу төркінін нақтылау үстінде. Дегенмен алдын ала болжам бойынша, мамандар оттың тұтануына істен шыққан электр ұзартқыш түрткі болуы ғажап емес деген нұсқаны қарастыруда. Барлық жауапты қызмет өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні Түркістан облысы Алғабас ауылындағы жер үйден шыққан өрт үлкен шаңырақты ортасына түсірді. Қызыл жалыннан 12 адам ажал құшты, олардың тоғызы кәмелетке толмаған балалар. Ең кішісі биыл ғана 2024 жылы дүниеге келген нәресте.

Президенттің тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайтын болып шықты.

Сол күні марқұмдардың алтауының сүйегі жер қойнына тапсырылды. Үкіметтік комиссия басшысы Қанат Бозымбаев тергеудің алдын ала қорытындысын жариялаған болатын. 19 қарашда апаттан аман қалғандардың бірі есін жиды

Бұл жағдай Үкімет басшысының да назарынан тыс қалмады, премьер-министр өрт қауіпсіздігі мәселесін қатаң сынға алып, шұғыл тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий