Алғабастағы өрт: аман қалғандардың бірі есін жиды
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кеше Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Олардың бірі есін жиды. Үшеуі де – бір отбасының мүшелері: күйеуі, әйелі және қызы. Жағдайлары тұрақты, бірақ әлі де реанимацияда. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар жатқан ауруханамен байланыста, қажет болған жағдайда оларды санавиация бортымен Астанаға жөнелтуге дайын", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
Жолдасов өрт себебін айта алмайтынын, оны тергеу аясында полиция жариялайтынын атап өтті.
"101 нөміріне хабарлама сағат 5:38-де түсті. Алты минуттан кейін оқиға орнына өртсөндірушілер жетті. Олар үш адамды алып шықты, бірақ 12 адамды құтқару мүмкін болмады. Қазір үш зардап шегуші ауруханада", – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, ол әкімдік жақындарына психологиялық көмек көрсетіп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаржылай қолдау жасап жатқанын айтты.
Соңғы жаңалықтар