Тұрмысқа шығу туралы ұсыныстан кейін бойжеткен инсульт алды
Грекияда Чехиядан келген турист қыз сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысынан кейін бірнеше секунд ішінде инсульт алып, ауыр халге түсті.
Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.
Оқиға Левкас аралындағы Пайғамбар Ілия шіркеуінде болған. Ақпаратқа сәйкес, 24 жастағы бойжеткен жігіті бір тізерлеп, үйленуге ұсыныс жасаған сәтте есінен танып қалған.
Жергілікті ақпарат көздері оның шұғыл түрде аралдағы ауруханаға жеткізіліп, артынша материктегі Янина қаласына эвакуацияланғанын хабарлады. Дәрігерлердің алдын ала тексеру нәтижесіне сәйкес, бойжеткенде ауқымды инсульт тіркелген.
Қазіргі уақытта ол ауыр, бірақ тұрақты хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...