ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды
315
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды
Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
16:56
Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшіл...
24.09.2026
16:48
Айтуған Ғалымовтың әйелі: Тоқалға қарсылығым үш...
24.09.2026
16:44
«Сәлемді алмау – нағыз мәдениетсіздік»: Меруерт...
24.09.2026
16:33
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға...
24.09.2026
16:19
Жас ананың өлімі: сараптама жүргізуге маман таб...
24.09.2026
15:57
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханға кесіл...