"Уәлибек Әбдірайымов қайтыс болды": Оқиғаның мән-жайы анықталды

Әлеуметтік желіде белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Актер бұл ақпараттың жалған жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ bairaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жарияланған хабарда Уәлибек Әбдірайымовтың "жол апатына" ұшырағаны жайлы ақпарат айтылған.
«Қазақ өнері қара жамылды. Белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов көлік апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Шымкент облыстық театры баспасөз хатшысы Ғалия Өсербаева. Қаралы хабарды шәкірті Ғалымжан Қалыбаев өзінің Инстаграм парақшасына салып Уәлибек Әбдірайымов ақ көңілді кісі еді деп жазды. Қайғылы оқиға сағат бүгін сағат 17:30 Шымкент қаласындаы бір қызды күштеп зорлық пен алып қашып бара жатқан Уәлибек Әбдірайымов көлікті 120 келе жатып жолдан тайып кеткен», - делінген желіде тараған ақпаратта.
Ал актер өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді.
«Мен Батыс еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Мен өзіме жанзаны, жетісін айтпағанына өкпеледім. Солай қазір шулап жатыр екен. Қазір шетелге келдім. Кеше Германияда болғанмын. Өзім қорқып кеттім, тірімінба әлде өлімінба деп», - дейді актер.
Соңғы жаңалықтар





