«Үкім біржақты шықты»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушысы мәлімдеме жасады
99
Танымал актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылғаннан кейін, оның қорғаушысы Тілеужан Кішкенебаев сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Адвокаттың айтуынша, сот процесінде істің мән-жайы толық зерттелмеген әрі қорғау тарапының өтініштері қанағаттандырылмаған.
«Біз әрине соттың үкімімен келіспейміз, әділ, объективті шығарды деп айта алмаймыз. Бұл парақша кімге тиесілі, ол парақшада жарияланған ақпаратты кім салды? Бұл Нұрсұлтанға тиесілі ме, әлде басқа біреудің парақшасы ма? Осының бәрін анықтауды, зерттеуді, сол бойынша бірнеше сараптама жасауды сұрағанбыз. Өкінішке орай, сот жасаудан бас тартты. Тек біржақты ғана үкім шығарды», – деді ол.
Сондай-ақ қорғаушы шығарылған үкімді қайта қарату үшін алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретіндерін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
11:31
«Ережені талқылаймыз, бірақ мәртебесін қозғамай...
17.09.2026
11:23
«Үкім біржақты шықты»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің қо...
17.09.2026
10:47
Жаңа зауыттарсыз терең өңдеу ұран күйінде қалад...
17.09.2026
10:33
«Ақынға тиіспеңдер, ол тентек болуы керек»: Акт...
17.09.2026
09:46
Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының жаңа әкімі б...
17.09.2026
09:44
Алматы облысында 17 жастағы бойжеткен жұмбақ жа...