"Үлкен қауіп төніп тұр": танымал болжам жасаушы Ырысбала Икрамбай туралы айтты
Кофемен бал ашушы Мадина Әбдет танымал блогер әрі белсенді Ырысбала Икрамбайдың болашағына қатысты өз болжамын жасады, деп хабарлайды Politico.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеп.
Оның айтуынша, блогердің қор арқылы жинаған қаражаты мен айналасындағы адамдарға қатысты қауіп төніп тұр.
«Ырысбала Икрамбайдың қордан жинаған ақшасы жайлы шындықты кофесі айтып берді. Алғашқы белгі ол — Ырысбалаға келе жатқан қауіп. Бұл арттан пышақ сұққанмен тең нәрсе деді кофесі. Қазақтың алтын қызының жанында екі жылан жүр. Олар Ырысбаланың бетіне өтірік күліп, арқасынан іс тындырып жүргендер. Ырысбаланың соты созылады. Сол үшін бұрынғы істерге қатысты ұмытылып кеткен құжаттар қажет болады», — деді балгер.
Сондай-ақ болжаушы блогердің жеке өмірінде үлкен өзгерістер орын алып, отбасы бұзылуы мүмкін екенін жеткізді.
«Кофесіне үлкен үй белгісі түсті. Бірақ үй екіге бөлінген жол бойында көрінді. Бұл отбасылық өмірдің бұрынғы қалпында қалмайтынын көрсететін белгі. Ажырасу процесі болады. Кофесі Ырысбаланың айналысатын саласы ауысатынын көрсетті, енді ол мүлде үй бермейді», — деп түйіндеді Мадина Әбдет.
Соңғы жаңалықтар