"Ұлтың кім? Саудаң бітті!": Ресейде қаза тапқан он жастағы тәжік бала туралы не белгілі?
Ресейде мектеп оқушысының шабуылынан қаза тапқан 10 жастағы Қобилджон Әлиевтің мәйіті Тәжікстанға жеткізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Азаттық радиосының мәліметінше, бала 17 желтоқсанда ағасы мен інісімен бірге еліне қайтпақ болған, алайда ұшардан бір күн бұрын Мәскеу облысының Одинцово ауданындағы мектептердің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірімнің шабуылынан көз жұмды.
Марқұммен қоштасу және жерлеу рәсімі 18 желтоқсанда Тәжікстанның Шахринав ауданындағы Чептура ауылында өтеді. Баланың мәйіті таңертең Душанбе халықаралық әуежайына жеткізілгенімен, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, журналистерге түсірілім жасауға рұқсат берілмеген. Кей дереккөздердің айтуынша, қауіпсіздік қызметі түсірілген кадрларды өшіруді талап еткен.
Отбасы туыстары Қобилджон Әлиевтің әкесінің жанына жерленетінін растады. Әкесі үш жыл бұрын сырқаттан қайтыс болған, көзі тірісінде күштік құрылымдарда қызмет еткен.
Қанды оқиға 16 желтоқсанда болған. Тергеу дерегіне сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірім пышақпен мектепке кіріп, күзетшіні жарақаттған. Барлығын балалардың көз алдында болып жатқанда көрген, олар әр бағытқа қаша жөнелген. Жасөспірім олардың біреуін, қоңыр шашты балаға "Сен қай ұлттансың? Саудаң бітті" деп айқайлап қуып жеткен. Баспалдақта қаша бара жатып бала аяғы шалынып, құлаған. Жасөспірім оны қуып жетіп, бірнеше рет пышақпен соққы жасаған. Ал бала қозғалыссыз қалғанда, жасөспірім көз жұмған баламен селфи жасаған.
Баланың өлімі Тәжікстан қоғамында үлкен резонанс тудырды. Елдің Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылды ұлтаралық өшпенділік негізінде жасалған қылмыс деп бағалап, қатаң айыптады.
Сонымен қатар, Тәжікстанның ішкі істер министрлігі ведомство басшысы Рамазон Рахимзода Ресейдің ІІМ басшысы Владимир Колокольцевпен сөйлесіп, істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап еткенін хабарлады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл Ресейде тәжік балаларына қатысты тіркелген алғашқы қайғылы оқиға емес.
Соңғы жаңалықтар