ҰҚК Маңғыстаудың полиция бастығын тергеуде

01.09.2026 18:06 Абзал БАХЫТЖАНОВ
ҰҚК Маңғыстаудың полиция бастығын тергеуде
87
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Сүйін Құрмантаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) тергеуіне ілікті. Politico.kz-тің сауалына берілген ресми жауапта ведомство бұл фактіні растады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жоғары лауазымды полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы хабар тараған еді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Бөлімше бастығы Олжас Бектенов қол қойған жауапта.

Алдын ала бейресми деректерге қарағанда, подполковникке қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде де сұрақтар туындаған. Оның құзырлы орган назарына ілігуіне 520 мың теңге көлеміндегі ақша аударылымы түрткі болған.

Дереккөз мәліметінше, полиция басшысы аталған сомаға танысына жүргізуші куәлігін алуға көмектеспек болған.

Таралған хабарламада Сүйін Құрмантаевтың құрықталғаны айтылады. Сондай-ақ оның ішкі істер органдарынан өз еркімен қызметтен кеткені көрсетілген.

Войдите, чтобы оставить комментарий