«Үзілді-кесілді бас тартты»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова туралы фильм түсірмек болғанын айтты

02.10.2026 • 09:26 Мөлдір ҚАЙНАР
«Үзілді-кесілді бас тартты»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова туралы фильм түсірмек болғанын айтты
352
Фото: instagram/zhunusova.makpal

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың өмірі жайлы фильм немесе сериал түсіруді көптен бері армандайтынын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Sn.kz порталының жазуынша, продюсер әншіні үш күн бұрын әуежайда кездестіріп қалғанын және оның қазақ өнеріндегі орны ерекше екенін есіне салып, естелік жазуға кеңес бергенін айтты:

«Біз өмірден өткен тұлғаларды ғана құрмет тұтамыз. Мақпалды үш күн бұрын әуежайдан көрдім. Сонда Мақпалға қарап: “Естеліктер жазыңыз. Сіз туралы сериал немесе фильм түсіргім келеді. Қайталанбас тұлғасыз. Өзіңіздің бірегей адам екеніңізді білесіз бе? Артыңыздан өсиет қалдыруыңыз керек”, – дедім», – дейді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ ол бұған дейін әншінің өмірін экранға шығаруға рұқсат сұрағанын, бірақ халық әртісі бұл ұсыныстан бірден бас тартқанын жасырмады.

«Ол әйелді өте жақсы көремін. “Сіздің өміріңізді экранизациялауға рұқсат беріңізші” деп 10 жыл бұрын сұраған едім. “Қазір ыңғайлы уақыт емес шығар, бірақ бір күні сіздің тарихыңызды түсіргім келеді” дедім. Алайда ол үзілді-кесілді бас тартты. Содан кейін оған: “Ең болмаса, қасыңызға редактор алып, айтқаныңыздың бәрін жаздыра беріңізші” деп өтініш жасадым», – деп ағынан жарылды продюсер.

Сөзінің соңында Баян Алагөзова қоғамда асыл азаматтардың көзі тірісінде бағаланбай, тек дүниеден өткен соң ғана мақтауға көшетін өкінішті әдетті сынға алды. Оның айтуынша, адамдарды тірі кезінде сынай бермей, олардың таланты мен еңбегін уақытында құрметтеп үлгеру — ең маңызды қағида болуы тиіс.

Войдите, чтобы оставить комментарий