Вейп шеккен мектеп оқушысы қайтыс болды
Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысы үйіндегі жуынатын бөлменің есігін жауып алып, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып, еденде ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Оның жанында телефон мен вейп болғаны айтылды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электрон құрылғы мен таяқшалары Iqos тапты. Барлық табылған заттар, сондай-ақ қыз қайтыс болғанға дейін тұтынатын өнімдер зерттеу үшін тәркіленді. Оқушының қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...