Қазақстандық танымал журналист Лев Тараков дүниеден өтті

Қазақстандық танымал журналист Лев Тараков дүниеден өтті
09.04.2025 16:15
0
430
inform.kz
Лев Тараков 59 жасында өмірден озды

Белгілі қазақстандық журналист, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков 59 жасында өмірден озды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Казинформ» агенттігінің мәліметінше, Лев Тараков – Қазақстан журналистикасы мен медиа сарапшылық қауымдастығының көрнекті өкілдерінің бірі болған.

Деректер:
Лев Тараков Украинадағы Чигирин қаласында дүниеге келген. Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін тәмамдаған.

1990-жылдардың басынан бастап Лев Тараков Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарды: Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде, Президент әкімшілігінде, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ), онда 1997 жылы директор қызметін атқарған. Сонымен қатар, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің вице-министрі болған.

1998-2002 жылдары Президенттің баспасөз қызметін басқарған, кейін Ресейдегі Қазақстан елшілігінде кеңесші-елші қызметін атқарған.

2000-жылдары Лев Тараков редакциялық және талдамалық жұмыстармен айналысты: «Известия-Казахстан» газетінің бас редакторы, 2004-2012 жылдары «Литер-Media» компаниясының бас директор орынбасары әрі «Литер» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 2012 жылдан бері «Время» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы БАҚ мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий