«Жағдайы ауыр»: Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.
«Құрметті Қазақ Елі! Халқымыздың Қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қана қазақ қана емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз. Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, Құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!», деп жазды ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...
17.10.2026
13:40
Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан ...