Жәкішевтің су жаңа құдағиы тойдан кейін тосын жазба жариялады

07.06.2026 10:45 Қарақат АСЫЛОВА
Жәкішевтің су жаңа құдағиы тойдан кейін тосын жазба жариялады
412
Фото: Ult.kz
Жәкішевтің жаңа құдағиы тойдағы ерекше сәтті жария етті

Белгілі кәсіпкер, «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева отбасын құрды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жас жұбайлардың тойы Алматы қаласында өтіп, қуанышты сәттен түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Той туралы алғашқылардың бірі болып күйеу жігіттің туыстарының бірі жазба жариялады. Оның айтуынша, салтанатты кеште күйеу жігіттің ағасы әрі куәгері Андрес Оби ұлттық нигериялық агбада киімінің сыртынан қазақтың шапанын киіп шыққан. Бұл көрініс қонақтардың ерекше ықыласына бөленген.

Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол халықаралық сән индустриясында табысты еңбек етіп жүрген қазақстандық модельдердің бірі саналады. Қазіргі уақытта Лондон қаласында тұрып, әлемдік сән нарығында мансабын дамытып келеді. Модель ретінде Алтынай бірқатар беделді брендтермен жұмыс істеген. Оның портфолиосында  Chopard,  Jimmy Choo және  Adidas сияқты халықаралық компаниялармен жүзеге асқан жобалар бар.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бақытты ғұмыр тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий