"Жалықтырып жібердім": Мереке Қалбаева жолдасымен екіжаққа кеткенін растады

18.08.2025 13:15
0
145
видеодан алынған кадр

Жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, нүкте қойды. Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер өкілі өзінен 6 жас кіші күйеуі Арсенмен екі жаққа кеткенін журналист Аман Тасығанға мойындады. 

“Махаббат деген өте жаман нәрсе. Менде басында бір грамм да сезім болмаған. Егер ешқандай вариант болмаса, тие саламын деген жігіттер болған. Ал мен Арсенге өліп ғашық боп қалдым. Басында маған Арсен бөпе сияқты көрінді, бірақ екі-ақ сағаттың ішінде еркек екенін мойындатып тастады. Өзінің болмысымен, жаратылысымен өзін дәлелдеп тастады", – деді Мереке Қалбаева. 

Сондай-ақ Мереке Қалбаева күйеуі екеуі бөлек тұрып жатқанын айтып өтті.

"Көп досымыз "ажырасып кеттіңдер ме?" деп сұрап жатыр. Әзірше ренжісіп қалдық. Мен өз ойлағанымды істегім келеді. Оған асыққан да, тәуекелге бару да ұнамайды. Мен үнемі тәуекелге бара беремін. Менің асығыстығым, оны жалықтырып жіберді. Ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды. Мен айттым ба, сол кезде болу керек. Бұл да менің эгоистігім мен тәкаппарлығым деп ойлаймын", – деп түйіндеді актриса.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий