Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы төбелесте қаза тапты
ЖАЛҒАСЫ
Жамбыл облысының Байзақ ауылында қатарласымен жанжалдасқан 15 жастағы жасөспірім алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық білім басқармасы оқиғаның 3 қазанда сағат 22:00 шамасында болғанын растап, қаза тапқан баланың 2011 жылы туғанын хабарлады.
Оқиғаға қатысы бар екінші жасөспірімді ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеп соғу) бойынша тергеліп жатыр.
Полиция тергеудің жалғасып жатқанын және департамент басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.11.2026
17:13
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қ...
22.11.2026
16:18
396 миллион теңге парамен сотталған бұрынғы обл...
22.11.2026
15:21
Липосакция жасатуға барған депутаттың өлімі: Же...
22.11.2026
14:18
Жамбылда аяусыз соққыға жығылған оқушы әлі кома...
22.11.2026
13:17
Қарағандыда цирк әртісі көрермендердің көз алды...
22.11.2026
12:23
Астанада тұмау өршіп тұр: 300-ден астам адам ау...