Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

10.07.2026 21:50 Қарақат АСЫЛОВА
Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
70

Астанада 10 шілде күні Әділет партиясының III кезектен тыс съезі өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, партияның өңірлік филиалдарының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен сарапшылар қатысты.

Съезге «Жаңа адамдар» қозғалысының негізін қалаушы, Әділет партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асель Баденова, қозғалыстың баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов, тең негізін қалаушы Мейіржан Ғарифоллаев, сондай-ақ партияның өңірлік филиалдарының Саяси кеңестерінің құрамына енген өңірлік өкілдер қатысты. Қозғалыс мүшелері өңірлерде азаматтық бастамаларды дамытуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға атсалысып келеді.

Съезд барысында Асель Баденова мандат комиссиясының төрайымы ретінде сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту рәсіміне қатысты.

Партиялық тізімге «Жаңа адамдар» қозғалысының атынан Әділет партиясы Саяси кеңесінің мүшелері Асель Баденова мен Алпамыс Әбілов енгізілді.

Жалпы, Әділет партиясы Құрылтай депутаттығына ғылым, білім, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам салаларында еңбек етіп жүрген 186 кандидатты ұсынды.

Партия өкілдерінің айтуынша, ұсынылған кандидаттар тізімі түрлі саланың кәсіби мамандарын біріктіріп, елдің дамуына және Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға негізделген.

Войдите, чтобы оставить комментарий