Жас келіншек күйеуі суретке түсіріп жатқанда, найзағай тиіп мерт болды
1947
Гондурастың Омоа қаласында бал айын өткізіп жүрген жас келіншек найзағай соғып, көз жұмды. Бұл туралы Need To Know басылымы мәлімдеді.
Жас жұп некелерін қиғаннан кейін бір апта өткен соң теңіз жағалауында демалып жүрген. Жігіті келіншегін суретке түсірмек болған сәтте аспанды найзағай жарып, дәл қыз тұрған жерге соққан. Электр разряды ер адамды да жерге құлатқан.
Оқиға орнына келген дәрігерлер келіншектің көз жұмғанын растады. Ал күйеуінің де жарақат алғаны белгілі, бірақ оның жағдайы әзірге нақтыланған жоқ.
Айта кетейік, қайғылы оқиға алдында жергілікті билік аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жасаған. Трагедиядан соң халыққа ашық аумақта, әсіресе жағажайларда аса сақ болу жөнінде тағы да үндеу жолданды.
Соңғы жаңалықтар
27.07.2026
23:21
36 жастағы атыраулық балаларын есірткіге айырба...
27.07.2026
21:37
"Оян, қазақ!" фильмін кім және не үшін көрсетпе...
27.07.2026
20:48
Ринат Зайыт: Ауылдарда кітапхана ашатын заңға п...
27.07.2026
17:51
Қазақстанда тағы да 44°C-қа дейін ыстық болады
27.07.2026
17:47
Астанада бір жасар сәбиден туберкулез анықталды
27.07.2026
17:03
Ринат Зайыт: Ауылдарымыз жабылып қала ма деп қо...