«Жасына жетпей миларын уламаңдаршы»: Мөлдір Анарбаева жастарды діни ағымдардан сақ болуға шақырды
Блогер әрі журналист Мөлдір Анарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жастардың санасын улайтын түрлі жат діни ағымдарға қатысты өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz
Ол ел болашағы үшін білімді әрі еңбекқор ұрпақ тәрбиелеудің маңызын айтып, түрлі теріс пиғылды топтардан аулақ болуға үндеді.
«Жастарға зиян келтірмеңдерші! Жасына жетпей миларын уламаңдаршы! Елге пайдалы болатын талай жігіт пен қызды онсыз да сүйреп кететіндер көп. Елге жалындаған жастар керек! Көбі шын Құдайды ұмытқан. Балаларға жарқын болашақ тілеймін! Түрлі санасыз топтардан, адам бұзғыштардан, жолдан тайдыратын бұзықтардан аулақ болсын!» – деді Мөлдір Анарбаева.
Блогердің бұл үндеуі оқырмандар арасында қызу пікірталас туғызды. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды:
«Дінді қолжаулық қылып, діннің артына тығылып, ойына келгенін жасап жүргендер көп», «Дұрыс айтасыз, бізді ата-анамыз кезінде солай үйреткен», «Дін туралы діндар айтсын», «Дін туралы өте дұрыс айттыңыз», «Әзілдеп келіп, дәл шындықты айтасыз», – деп жазды оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар