«Жауап керек»: Ақтауда ұлынан айырылған ана министрмен кездесуді талап етті

08.08.2026 16:32 Қарақат АСЫЛОВА
«Жауап керек»: Ақтауда ұлынан айырылған ана министрмен кездесуді талап етті
257
Видеодан кадр

Ақтау тұрғыны Жұлдыз Азанова 13 жастағы ұлының өліміне қатысты жауап алу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен жеке кездесуді талап етіп отыр.

Азанованың айтуынша, ол 6 тамызда елордаға ұшып келген. Алайда министрмен кездесудің нақты уақыты әлі белгісіз. Бұған дейін оған вице-министрмен кездесуді ұсынған, бірақ анасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

Жасөспірімнің денсаулығы 17 қаңтарда нашарлаған. Бастапқыда аппендицит анықталмай, бала үйіне жіберілген. Кейін жағдайы күрт нашарлап, ота кезінде соқырішегі жарылып, инфекция құрсақ қуысына тарағаны белгілі болған.

19 ақпанда бала Алматыға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны құтқара алмады. 13 сәуірде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Азанова медициналық көмек көрсету кезінде жіберілген қателіктерге жауап беруді талап етіп, істің толық әрі әділ тексерілуін сұрап отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий