"Жиіркенемін, сабыр бере гөр": Дана Нұржігіт өмірден түңіліп жүргенін айтты

04.03.2026 12:52 Мөлдір Талғат
2380
Фото: видеодан скриншот

Танымал журналист Дана Нұржігіт әлемде болып жатқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол адамзат құндылық атаулыдан кенде қалып бара жатқанын жазды.

«Адамзат санасына сыймайтын, құндылық атаулының күл паршасын шығарған жабайы “әлем элитасының” мына тірлігіне қарап отырып, мұндай “өркениетіңе”түкіргенім бар дегің келеді! Жиіркенемін!

Еркегі таққа жетіп қораға түскен аш қасқырша қой жарғандай қанға тойып ап, көзі қанталап тоқтайтын емес. Әйелдің көшбасшы болғанының түрі анау!
Әлем ұлттары мәртебе санайтын биік мінберді қорлап отыр. Екі сөздің басын әрең қосып…

Әлемді дүр сілкіндіріп жатқан “атақты”файлдар ісі бойынша тергеу шексіз байлық пен биліктің қандай жетесіздікке,арсыздыққа апаратынын көрсетті.
Оқымаған қараңғылар дейін десең, тауыспаған білімі жоқ. Сонда ғалымнан залым шығу білімнен емес, жүректен болып тұр ғой!
Иман мен ынсап білмейтін қуыс кеудеден ғой…

Сабыр бере гөр…», — деп жазды журналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий