Жол апатына ұшыраған полиция полковнигі қызметінен кетті
Алматы облысында жол-көлік оқиғасына ұшыраған жоғары лауазымды полицей өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады Politico.kz.
Хабарлауынша, шамамен 1 апта бұрын Алматы облысы полиция департаментінің жедел есепке алу орталығының бастығы Берік Нұрғалиев жол апатын жасаған. Полиция полковнигі басқа автокөлікке соғылып, салдарынан адамдар зардап шеккен.
Журналист оқиғаның мән-жайын білу үшін Нұрғалиевтің өзіне хабарласқанын жазды. Ол оған зардап шеккен жүргізушімен мәселені шешіп, содан кейін органдағы жұмысынан кеткенін жеткізген.
Козачков бұл істің сотқа дейін жететіні немесе рақымшылықпен тоқтатылатыны әзірге белгісіз екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Қорғас тасжолында аудандық полиция басқармасының қызметкері Абылай Жарылқасынұлы жол апатын жасаған болатын. Ол басқарған Haval көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан ерлі-зайыптылар мен олардың қызы көз жұмды. Сондай-ақ 2 жасөспірім және 1 сәби түрлі дене жарақатын алған еді.
Соңғы жаңалықтар