«Жұмақ та, тозақ та адамның басында»: Ахметбек Нұрсила діни түсініктерге қатысты ойын ашық айтты

14.09.2026 15:10 Мөлдір ҚАЙНАР
«Жұмақ та, тозақ та адамның басында»: Ахметбек Нұрсила діни түсініктерге қатысты ойын ашық айтты
212
Фото: әлеуметтік желі

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желіде жұмақ пен тозақ жайлы қалыптасқан діни ұғымдар туралы пікір білдіріп, нағыз жұмақ осы Жер бетінде екенін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Facebook парақшасында діни сенімдегі жұмақ сипаттамаларына тоқталып, адамдарды шынайы өмірге мән беруге шақырды.

”Жұмақ та, тозақ та адамның басында. Діни ұғым бар ғой, “жұмаққа барасың, еркектерге 72 хор қызын береді. Өзенде бітпейтін арақ-шарап ағып жатады, ішесің, мас болмайсың. 42 еркектің күшін береді” деген. Әйелдерге не беретінін білмеймін, әйтеуір соны айтып жатады. “Тозақ бар, Аса мейірімді, қамқор Алла мәңгілікке сені күйдіреді” дейтін. Меніңше, жұмақ та, тозақ та адамның басында", — деді кәсіпкер.

Бизнес өкілі ғаламның кеңдігі мен Жер планетасының бірегейлігін тілге тиек етіп, адамзат мекендейтін ортаның өзі теңдессіз сый екенін атап өтті.

"Триллион, триллион галактика, ғаламшардың ішінде өмір сүруге лайық ауасы бар, тіршілік етуге бүкіл мүмкіншілігі бар ол — Жер деген планета ғана. Сондықтан, жұмақ деген түсінік болса, онда ол — Жер”, — деді ол.

Сонымен қатар кәсіпкер өз ойын дәйектей отырып, қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөздерін мысалға келтірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий