Роман Скляр Петропавл маңындағы тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды
278
Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Премьер-Министрдің алғашқы орынбасарына айтты.
Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» деген.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс жағдайдың алдын алу үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.
Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты. Бақылау кезінде Роман Скляр су келу жөніндегі жаңа болжамнан кейін барлық бөгеттерге геодезист мамандарды шақыруды тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік, құтқару қызметтері мен полицейлерге тұрғындарды, тұрмыстық техника мен жануарларды эвакуациялау кезінде жан-жақты көмек көрсету керек екенін айтты.«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет» - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
29.05.2026
23:10
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша уақытша келіс...
29.05.2026
22:23
Министр Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоров мәсе...
29.05.2026
21:37
Алматы полициясы формалық киімге 1 млрд теңге ж...
29.05.2026
20:54
Маңғыстауда шенеуніктер 600 млн теңгеге қатысты...
29.05.2026
20:02
Теңіздегі күтпеген ақау: Мұнай өндірісі күрт тө...
29.05.2026
19:10
“Балаларын алып кетіп қалған”: Сәрсемәлиевтің а...