«Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым». Тамара Асар үйлену тойы қалай өткенін еске алды
263
Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар сахнадағы әріптестері Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтың тойынан соң тұрмысқа шыққан кезін еске алды.
Өнер иесі пандемия кезінде шаңырақ көтеріп, ал некесі шаңырағында қиылғанын айтты.
Кешегі тойдан кейін жолдасым «біз де той жасайық» деген ұсыныс айтты. «Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік» дедім. Біздің тойымыз пандемия кезінде алты адаммен ғана өтіп кеткен. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәхрге көлік сұрадым. Жолдасым ертеңіне Алматыға барғанда көлік сыйлады. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Әрі бәріне шектеу қойып тастаған еді. Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін, - деп жазды өнер иесі.
Фото: Instagram/tamara_assar_official
Соңғы жаңалықтар
21.05.2026
23:29
АҚШ азаматтығын алып беремін деп 896 млн теңге ...
21.05.2026
22:41
Қазақстанда ірі шетелдік инвестициялық жобалар ...
21.05.2026
22:28
Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақ...
21.05.2026
21:39
Алматыда әскери колледж басшылығы Қайрат Сатыба...
21.05.2026
21:19
Алматыда қоқысты энергияға айналдыратын зауыт с...
21.05.2026
20:19
Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы жаңа лауазым алды