«Үйімде бөлмесі бар»: Жеңіс Ысқақованы актер Ғани Құлжановпен не байланыстырады?
1744
Әнші Жеңіс Ысқақова қыз бен жігіттің арасындағы достықтың болатынын, оған өзінің актер Ғани Құлжановпен 40 жылдан бері дос болып жүргені дәлел екенін айтты.
Ғани Құлжанов деген досымның үйіндемін. Менің 20 жыл бұрынғы концертіме шақыру билетімді сақтапты. «Әнім сен едің» деген шығармашылық кешімде шақырту жіберген болатынмын. Міне, нағыз достық! Қаншама үй алмастырып, пәтер жалдап жүрсе де қоқыс болып бір бұрышта қалмапты. Қыз бен жігіттің достығы деген осы емес пе? – деді әнші Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ ол досына қатысты түрлі өсек естігенін де жасырмады.
Менің үйімде Ғанидың бөлмесі бар. Астанада тұрғанымен, Алматыға жиі келеді. Сол кезде біздің үйге келіп, бөлмесінде демалады. Екеуміз туралы халық нешетүрлі әңгіме айтқан. Мені Ғаниды отбасынан ажыратып, қолына кіргізіп алды деп өсек таратқан. Ондай жағдайлар болған емес. Біздің достығымыз 40 жылға таяды, – деді өнер иесі.Фото:
Соңғы жаңалықтар
23.06.2026
20:40
Атыраудағы «ҚазАвтоЖолдың» шұрық-тесік жолдары ...
23.06.2026
19:51
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратег...
23.06.2026
19:44
Тоқаев Еуроодақпен виза режимін жеңілдету және ...
23.06.2026
19:40
Тоқаев Брюссельде Еуропа Одағының басшыларымен ...
23.06.2026
17:53
ҰҚК полиция полковнигі Жеңіс Әуелбековті тергеп...
23.06.2026
17:33
6 млрд теңгені жеп қойған: Депутат алаяқтық схе...