Алматы облысында тау шыңынан табылған мәйіт тікұшақпен түсіріледі

19.08.2026 22:17 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы облысында тау шыңынан табылған мәйіт тікұшақпен түсіріледі
243
Фото: gov.kz

Алматы облысындағы Северцов мұздығы маңынан табылған адам мәйітін таудан түсіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Құтқарушылар мәйітті шамамен 4300 метр биіктіктен эвакуациялауға кірісті.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына «ҚазӘуеҚұтқару» тікұшағы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген.

Мәйіт қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін Алматы облысының полиция департаменті өкілдеріне тапсырылады.

Құтқарушылардың жұмысын таулы аймақтың күрделі рельефі, тік жартастар мен беткейлер, биіктіктің жоғары болуы және ауа райының қолайсыздығы қиындатып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 16 тамызда Беларусьтен келген туристердің тауда адам сүйектеріне тап болғаны туралы ақпарат тараған еді. Туристер бұл жөнінде құтқару қызметіне хабарлаған.

Қазір марқұмның жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий